Мы разрешаем использовать наши материалы при условии активной гиперссылки на сайтBES.media.

Запрещена перепечатка агитационных материалов.

Новости

Алматы облысының ауылдарында жаңа медициналық нысандар ашылды

Сегодня, 16:20
Сауырық батыр және Көкдала ауылдарында жаңа медициналық нысандардың салтанатты ашылуы Әкімдік баспасөз қызметінің фотосы
Сауырық батыр және Көкдала ауылдарында жаңа медициналық нысандардың салтанатты ашылуы

Сауырық батыр мен Көкдала тұрғындары енді алғашқы медициналық көмекті жаңа ғимараттарда алады.

Не болды

Астана күні мен Ұлттық домбыра күні қарсаңында Алматы облысы Жамбыл ауданының Сауырық батыр және Көкдала ауылдарында жаңа медициналық нысандардың салтанатты ашылуы өтті.

Толығырақ

Іс-шараға аудан әкімі Нұрлан Ертас, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов және Мәжіліс депутаты Максим Рожин қатысты. Қонақтар ауыл тұрғындарын жаңа медициналық қосындардың ашылуымен құттықтады.

Бұл нысандар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында салынған. Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарына сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсету.

Мәжіліс депутаты Максим РожинӘкімдік баспасөз қызметінің фотосы
Мәжіліс депутаты Максим Рожин

Сауырық батыр ауылында бүгінде 660 адам тұрады. Мұндағы медициналық қосында 1 фельдшер және 0,5 бірлік кіші мейірбике жұмыс істейді, бір күнде 10 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік бар. Ал Көкдала ауылындағы жаңа нысанның құны – 124,2 млн теңге. Ауылда 400-ге жуық тұрғын бар. Бұл жерде де күніне 10 адам қабылдана алады.

Бұған дейін ауыл тұрғындары ескі мектеп ғимаратындағы бөлмеде медициналық көмек алып келген. Енді олар заманауи талаптарға сай жабдықталған, жеке ғимаратта қызмет ала алады. Медициналық қосындарда қабылдау, ем-шара және диагностика кабинеттері, барлық қажетті құрал-жабдықтар мен инженерлік инфрақұрылым бар.

Құрылыс жұмыстарын "Техно Снаб 2002" ЖШС жүргізген.

Контекст

Жамбыл ауданында барлығы 16 медициналық нысан салынуда. Бұған дейін Айдарлы, Ашысу және Қопа ауылдарында осындай нысандар ашылған болатын. Сауырық батыр мен Көкдала қосылып, қазіргі таңда бес нысан пайдалануға берілді. Қалған 11 нысан 2025 жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Материал Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп дайындалды.

–––

d